Жиырмасыншы ғасырдағы қоғамның ыдырауы миллиондардың тағдырын ойран етті. Бірнеше ұрпақтың жоспарының күйреуі, үмітінің үзілуі — ешқашан орны толмас трагедия. Автор мұндай сорға тап болғандарды «адасқан ғасырда» өмір сүрген «жоғалған ұрпақ» деп атайды. Тұжырымның дұрыстығы жинаққа енген төрт хикаяттағы әлеуметтік ортаның сипатынан, алуан тағдырлы кейіпкерлерден, олардың іс-әрекеттері мен ой-толғамдарынан анық көрінеді. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Ахмет Ө. Адасқан ғасыр: хикаяттар. – Астана: Фолиант, 2024. – 264 б.
Санаты: көркем әдебиет
Жыл: 2024
Сақтау орны: аб