Бұл оқу құралы 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі тыл еңбеккерлерінің жанқиярлық еңбегіне арналған. Шахтинск өңірінде әр жылдары 800-ден астам тыл еңбеккері өмір сүрген — олардың жанқиярлық еңбегі Ұлы Жеңіске жақындатты. Ерекше құндылыққа Шахтинск қалалық мұрағаты мен Ардагерлер кеңесі ұсынған бірегей құжаттар, сондай-ақ тыл еңбеккерлерінің жеке естеліктері мен отбасылық фотоқұжаттары жатады. Оқу құралы мектеп оқушыларына, студенттерге, мұғалімдерге, музей қызметкерлеріне, өлкетанушыларға және Ұлы Отан соғысы тарихына қызығушылық танытатын кең оқырман қауымға арналған.
Санаты: Библиографиялық құрал
Жыл: 2025
Сақтау орны: барлық құрылымдық бөлімшелерде