Последнее обновление: 28 Февраля 2023 09:43, Просмотров (1542), Печать
Аудан ардақтылары: Бұқар жырау ауданының 70 жылдығына арналған өмірбаяндық анықтамалық; ред. Б. Сегізбаев. – Астана: Фолиант, 2008. – 192 с.фотосур.;
|
|
Әлемдік саясаттану антологиясы: 10 т. Т. 9; ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі, Ақпарат және мұрағат комитеті, Мемлекеттік "Мәдени мұра" бағдарламасы. – Алматы: Қазақстан, 2008. – 400 б.
|
|
Балмахаева Г. Қазақтың ақын - жыраулары / Г. Балмахаева; ауд. Д. Қалиақпар; сурет. Е. Козлова. – Алматы: Аруна, 2007. – 11 б.
|
|
Бұқар бабаға тағзым // М.Шибаева, А. Жексенбаева, Ж. Ельжанов, М. Асқарова, Қ. Шыныбектегі. –Қарағанды: «TENGRI LTD» баспаханасы, 2013. – 195 б. Бұл кітап елімізге танымал адамдардың және шет ел азаматтарының, бұқар бабаға еағзым етушілердің тілектері, сонымен қатар Бұқар жыраудың 340 жылдық тойында өнер көрсеткен республикаға танымал ақындарымыздың айтысы, облыста және ауданымызда өткен «Бұқарекең жырлайды» байқауында мүшәйра жанры бойынша жеңімпаз атанған жазба ақындардың жыр-толғаулары топтастырылған. Осы кітап Бұқар жырау Қалқаманұлының 345 жылдығына арналады.
|
|
Бірінші тілек тілеңіз: Жинақ (Бұқар жырау Қалқаманұлының шығармалары, тарихи және әдеби зерттеулер). – Қарағанды; ҚарМУ, 2014. -248б. Жинақта ХУІІ ғасырдың соңы мен ХУІІІ ғасырда өмір сүрген танымал тұлға, өз заманының озық қайраткері Бұқар жырау Қалкаманұлының шығармалары мен сол заманның тарихы зерттеліп берілген. Соңдай-ақ, жырау шығармаларының әдебі-көркемдік сипаты жан-жақты талданған. Еңбек жыраудың өмірі мен туындыларына арналған көлемді де күрделі зерттеу болып табылды. Жинақ жыраудың үш жүз қырық бес жылдық мерейтойының құрметіне орай көпшілік қауымға ұсыны лып отыр.
|
|
Бұқар жырау Қалқаманұлы. Шығармалары/ Жауапты шығарушы М.Жармұхамедұлы. – 3 басылым. Қарағанды,2013. -98б.
|
|
Бұқар жырау Қалқаманұлы. Шығармалары/ Жауапты шығарушы М. Жармұхамедұлы. – 2 басылым. Қарағанды, 2008. - 98б.
|
|
Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы Т. 17; құраст. Д. Әшімханұлы. – Астана: Астана полиграфия, 2010. – 320 б.
|
|
Қалқаманұлы Бұхар Ай, Абылай, Абылай! толгаулар / сарышы Е.Дүйсенбай. –Алматы:жалын,1993. -96б. Бұқар бабамыздың мұрасы бұған дейін әр алуан отрақ жинақтарда жарияланып келгені мәлім. Кезінде сан түрлі себеппен кеткен қателерді айтпағанда, отаршылдықты сынаған ой толғауларының өзі «өнделіп-жөнделіп» берілді немесе мүлде санатқа алынбады. Енді Алматы, Пекин нұсқаларын салғастыру арқылы әуелгі текісті қилы жаңылыс-жақсақтықтардаң арылтып, ұрпаққа асыл қалпында ұсынуға мүмкіндік туып отыр. Сондай-ақ, бұл кітапқа ұлы ақынның бұрын жарық көрмеген жыр-олғаулары да енді.
|
|
Бұқар жырау Қалқаманұлы. Шығармалары/ Жауапты шығарушы М. Жармұхамедұлы. - Алматы: Қазақстан Ғылымы академиясы, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер иниституты, 1992. - 94б.
|
|
Джаксыбаев С. И. Записки краеведа. –Павлодар: ЭКО, 2008. – 240с.
В книге рассказывается о жизнедеятельности видного казахского певца-сказителя Бухар жырау Калкаманулы и старшего султана Баян-аульского округа, этнографа Мусы Шорманова, а также раскрывается этимология названия озер Калкаман и Ямышево. Небезинтересно будет узнать читателям в книге и правду о казачьем атамане Ермаке Тимофеевиче. Очерки построены во многом на архивных материалах.
|
|
Шыныбектегі Қ. Ботақара –ием Бұқар жырау –кием: өлендер, әндер, күйлер, мақалалар мен новеллар. – Қарағанды: Баспа, 2008. – 197 б.
Қаламгер, ақын, композитор, журналист, ұстаз Қ. Шыныбетегінің әр жылдары жазылған өлең-әндері, күйлері, мақала, новеллары орын алған жинақтың оқырман қауымға берері мол. Шығармалары ел, жер, тіл, жастық, махаббат тақырыптарын қаузайды. Жинақ соңдай-ақ жас ұрпақты туған жерді сүюге, ңағыз патриот болуға үндейді.
|
|
|
Бұл жинаққа Қарағанды «Болашақ» университеті мен Бұқар жырау ауданының әкімдігімен бірлесе ұйымдастыру нәтижесінде өткен республикалық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары енді. Конференция жұмысы Бұқар жырау Қалқаманұлы мен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының әдеби және ғылыми мұрасын қазақ руханиятының даму тұрғысынан зерттеуге бағытталды; кітапта тіл, әдебиет, фольклор, тарих, өлкетану, философия, тақырыптарын қамтитын баяндамалар жарияланып отыр. Ғылыми мақа-лалар әкімшіліктегі ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліп мамандарына, тарихшыларға, этнографтарға, фольклортану-шылар мен филолог және әдебиет-танушыларға, кез келген оқырман мен өлкетану-шыларға арналған.
|
Бұқар жырау: Энциклопедия. – Астана: Фолиант, 2013. - 632б. – («Сарыарка кітапханасы» сериясы).
Энциклопедия қазақтың классикалық ауыз әдебиетінің аса көрнекті өкілі, жырау, ойшыл, мемлекет кайрйткері Бұқар жырау Қалқаманұ-лының (1693-1787) өмірі мен шығарма-шылығың, саяси әлеуметтік, тарихи еңбектерін жіті зерттеп-зерделеуден туындады. «Көмекей әуеле» атанған ұлы тұлғаның өмір сүрген заманы, дүниетанымы, Қазақ хандыған нығайтудағы кайрат-керлік болмысы, жыраулық поэзияға қосқан жаңашылдылғы, халыққа қалдырған мол мұрасы –ұрпақтын мәнгілік рухани қазынасы. Кітап көпшілік оқырманға арналған
|
|
Бұқар жырау: энциклопедия. –Қарағанды: «Болашақ-Баспа», 2013. – 600 б. Энциклопедия қазақ халқының ұлы жырауы, философ, шешен, еліміз тарихында өшпес із қалдырған Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі мен саяси, әлеуметтік. Тарихи еңбегіне арналға. Ұлы тұлғаның өскен ортасы, дүниетанымы, қайраткерлік көзқарас, ұстанымы, Ұлы даланың арғы-бергі тарихында алатын орны, борша болмасы, қоғамдық-саяси қалған мол мұрасына талдау жасалынды. Энциклопедия көпшілік қауымға арналған.
|
|
|
Омари, Жамбыл. Бұқаржырау: Ғұмырнама. Астана: Фолиант, 2008. - 360 б. – («Нартұлға» сериясы) Өз заманыңда «Көмекей әулие» атанған Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы ерлік дәуірінің, яғни арпалысқа толы ХУІІ –ХУІІІ ғасырлардың шежіресі сияқты. Бұл дәуірдің біз үшін жұмбақ сырлары өте көп. Еуразия көшпелілерінің соңғы жауынгер рулары, төл мемлекет, хандар мен батырлар әулеттері, қызыл тілі қара тасты кақ жарған әділ билер, сәуегей абыздар мен бақсылар, қазақ рухын шыңдаған жыраулар дәуірі. Бұқар жырау –осы дүлдүл топтың төрінен орын алған дара кемеңгер. Ол –Еуразия көшпелілер өокениетінің соңғы жасампаз тұлғасы. Кітап авторы тарихи аныздар мен шежіре, жазба деректері мен мұрағат қолжазбаларына сүйуніп, қызықты да мазмұнды дәуірдің ұлы кейіпкері Бұқар жыраудың бейнесін сүреттеген. Қазақ тарихына, ауыз әдебиеті мен этнографиясына ынтызар қаума өз керегін осы кітаптан табады дет үміттенеміз.
|
|
Жұмағұлов С.Б., Жұмағұлов А.Б. Бұқар жырау тағылымы. Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер жинағы. - Қарағанды: Е. А. Бөкетов ҚарМУ, 2015.- 464 бет. Кітапта ұлттық жыраулық поэзияның айтулы тұлғасы Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі мен өнерпаздық болмысы, мемлекетшілдік сана мен рухани кемелділік биігіндегі толғауларының көркемдік-эстетикалық әлеміне қатысты әр жылдар бедерінде жазылған әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер берілген. Еңбек ұлттық рухани құндылықтарды, ата тарихын қастерлейтін көпшілікке арналған.
|
|
Алпысбес М.А., Аршабек Т. Т. Бұқар жырау ауданының тарихы (Монографиялық зерттеу). - Қарағанды: Tengri Ltd., 2012-476 б.
Бұл ғылыми зерттеуде Ботақара-Нұра өңірінің көне жәдігерлері, тарихи дамуы, жер-су аттарының өзгеруі, өлке этнографиясы мен мәдениеті, осы өңірдің әкімшілік-аумақтық өзгерістері, соның ішінде Буқар жырау ауданының қалыптасу тарихы баяндалады. Далба, Ботақара, Нұра өлкесінде Абылай заманында жасаған әйгілі тұлғалар Бұқар жырау, Едіге би, Олжабай батыр, Бекайдар би, Байдалы би тарихынан, Бөкей хан, Шоң би, Шорман би, Алшынбай би, Игілік бай, Жұман бай, Мәнжі батыр, Мәңкі батыр, Тәти мырза, Мұса мырза, Жыржыс қажы, Әбәйділдә қажы сынды қасиет иелері, Доскей, Ахметбек, Көшен, Қабыл ақын сияқты өнер иелерінің тарихына қатысты мағлұматтар жинақталып, тарих үдірісі, заман өзгерісіне қатысты жүйеленген.Кітап тарихшыларға, өлкетанушыларға, гуманитарлық саладағы барлық ізденушілерге және жалпы оқырман қауымға арналған.
|