Қала типтес Новодолинский кенті Қарағандыдан оңтүстік-батысқа 30 км жерде орналасқан. Бастапқыда кент аумағы – Карлагтың ірі шаруашылығының бір бөлімшесі болды. 1953 жылы комсомол жолдамалары бойынша Новодолинский кентінің алғашқы тұрғындары келді – Донбасс, Ростов-на-Дону, Рязань, Днепропетровск қалаларынан келген құрылысшылар, олар бұрын тұтқындар тұрған барактарға қоныстанды. Кейін бұл көшеге Поселковая деген атау беріліп, онда алғашқы әлеуметтік-мәдени нысандар салынды: клуб, кітапхана, асхана, денсаулық пункті және амбулатория. 1955 жылы алғашқы мектеп ашылды.
1954 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығына сәйкес Новодолинский елді мекені жұмысшы кенті мәртебесін алды. 1988 жылы Новодолинский кенті Шахтинск қалалық кеңесінің әкімшілік бағынысына берілді.
Қазіргі кезде кент аумағында Придолинск автокөлік кәсіпорны, «Спецшахтомонтаж» басқармасының тау-кен монтаждау филиалы, сондай-ақ сумен және энергиямен қамтамасыз ету саласындағы ЖШС-тер өз қызметін жүзеге асыруда. Әлеуметтік маңызы бар нысандар ретінде №11 орта мектеп, «Дәрігер» амбулаториясы, Мәдениет үйі, кітапхана және «Балалар музыка мектебі» КМК жұмыс істейді. Сонымен қатар, кент аумағында үш бау-бақша қоғамы орналасқан.
Дереккөз: Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. — 2008. — 378 б.
Назирова, Е. Поселок славы трудовой: Новодолинск отмечает юбилей / Назирова, Е. // Шахтинский вестник.- 2004.- 24 дек.-С.2
Новодолинск отмечает юбилей-50 лет: статистические данные // Шахтинский вестник.- 2004.- 24 дек.-С.2
Поселку жить: к 50-летию поселка Новодолинский // Шахтинский вестник.- 2004.- 9 июл.-С.3