Мамочкино зираты

Карлагтағы әйелдер мен балалардың денелері жерленген Мамочкино зираты Қарағандыдан шамамен 30 км қашықтықта орналасқан. Оның жанында босану үйі болған. Жүктіліктің соңғы екі аптасында жүкті әйелдер жұмыстан босатылып, демалған. Егер нәресте тірі қалса, аналар балаларын «аналар үйіне» (кейде «балабақша-комбинат» деп аталған, бірақ әдеттегі лагерлерден еш айырмашылығы болмаған) күніне екі-үш рет тамақтандыруға апаратын. Шаршап, әлсіреген аналардың көбінде емшек сүті болмаған, сондықтан мұндай «үйлерде» нәрестелердің өлімі өте жоғары болған.


КСРО ІІХК ГУЛАГ санитарлық бөлімінің деректері бойынша, тек 1939 жылы Карлагтағы 350 баланың 114-і қайтыс болған. 1941–1944 жылдары 924 бала, ал 1950–1952 жылдары – 113 бала өмірден озған. Балаларды Долинкеден шығатын жолда, балалар қалашығының маңында жерлеген. Тұтқындардың балаларына жеке табыт берілмеген, оларды жалпы қорымдарға жерлеген.


«Мамочкино зираты» — бұл қайғы мен мұң мекені, өмірге қадам басуға үлгермеген кішкентай, күнәсіз құрбандарды еске салатын орын. Олар мәңгілік тыныштыққа кетті, періште ретінде аспанға аттанды. 


Ресми түрде «Мамочкино зираты» 1960 жылдардың басында жабылған. Сол кезден бастап нәрестелердің жерлеулері қараусыз қалған, ал тек 2003 жылы оған мемориалдық кешен мәртебесі берілді. 


Дереккөз:

http://museum.karaganda.kz/index.php/ru/muzei/muzey-pam-jertv-pol-repr/

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР