Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Последнее обновление: 02 Февраля 2023 11:25, Просмотров (3860), Печать

     

    Қазіргі уақытта «Шахтинск ОКЖ» КММ кітапханалары аумақ әкімдіктерімен, балалар жасөспірімдер орталығымен, жастар орталығымен, «Снегурочка», «Ботагөз», «Березка», «Салтанат», «Еркетай», «Қарлығаш» мектепке дейінгі мекемелермен, №1,2,3,4,5,6,9, 11,12,14,15,16 жалпы білім беретін мектептермен, ШТК мен ШТКК қалалық колледждерімен, қалалық кәсіпкерлік бөлімдермен, Қалалық білім бөлімімен, ҚОА,  СЭС, Перзентхана, Сурет мектебі, ал сондай-ақ кәсіпорындармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Кітапханалар пайда болған уақыттан бері орнаған тығыз байланыстар, қазіргі таңдағы серктестікке, халықты кітапханалармен қамтамасыз етудің мақсаты мен мазмұнына басқаша әдіспен қарауды талап етеді. 

    Соңғы жылдары барлығымызкітапханалардың міндеттері туралы, олардың білімдік, ғылымдық, мәдени және  ақпараттық инфрақұрылымдардағы орны туралы көріністің біршама өзгергеніне куәгерлер болдық. Қазіргі заманда кітапхананың аса маңызды міндеттері – ақпаратқа еркін және шектеусіз қол жеткізу мен ақпарат көздерін сақтауды қамтамасыз ету, ал кітапханашыны соңғы кезде тек кітап сақтаушы және насихаттаушы ғана емес, ақпарат теңізіндегі навигатор, ақпараттық маман деп атайтын болды. Қазіргі замандағы кітапхана- бұл тек кітап қоймасы ғана емес, өз алдына электронды мұрағат та болып саналады. Кітапхана – бұл электронды түрдегі және дәстүрлі тасымалдаудағы ақпаратқа қолжеткізетін орын.    

    Шахтинск аумағындағы кітапханалар ақпараттық қызмет аясын кеңейтумен жұмыс істейді. Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхананың «Бірлескен каталогтандырудың қазақстандық орталығы» жобасына қосылды. Нұсқау негізінде ҚР ҰК қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық каталогтарынан библиографиялық жазбаларды шетінен алып отырады.Осы жобадағы жұмыс мерзімді басылымдардан алынған мақалаларды сипаттау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

     

     «ШахтинскОКЖ КММ» парақшасында, кітапханалардың оқырмандарына электронды түрде газеттің жаңа нөмірлерін беру үшін «Шахтинский вестник» газетімен қызметтестік туралы келісім-шарт бекітті. Қызметтестік «Шахтинский вестник» газетінің электронды мұрағаты «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтын құруға және «Өлкетану» электронды  каталогындағы библиографиялық жазбаға мәтінді «Шахтинск: уақыт, оқиға, адамдар» кітапхананың толықмәтінді база дерегін толтыруға арналған, газет редакциясына берілген, нөмірленген мақалаларды пайдалануға мүмкіндік берді.   

    Тек жұмыстың корпоративті әдістерінің арқасында жиынды электрондық каталогтарды даярлауға болатынын өмір көрсетті. Олар даярланған сәтте прогресс және даму құралдарына айналып, оған қоса аумақтағы тұрғындардың ақпараттандырылу деңгейін арттырудағы қалаулы нәтежиелерге жеткізеді.   

     

     «Шахтинск ОКЖКММ» ұжымы баршаға Шахтинск аумағы арасындағы оқылымның жылжытуындағы көпжылдық жемісті серіктестік үшін алғысын білдіреді.

     

    Ары қарай оқу:

     

     "Шахтинский вестник"газеті редакциясымен қызметтестік туралы келісім-шарт 

     

    қайта оралу

     

     

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida