30 қазанда №16 кітапхана - филиалының қызметкері №11 ЖББМ КММ оқушылары үшін «Contakt@BOOKkviz» өткізді. Жеңіске жету үшін қатысушылар тапсырмаларды орындады: «ең күлкілі сипаттама бойынша кітапты тап»; «шығарманың кейіпкерін тап және кітап тап»; «шифрлау»; «кейіпкерді тап және авторды ата»; «пазлдарды жинап, кітапты тап».
Квестке қатысушылар кітапхана қорын шарлау және алфавиттік және электрондық каталогтар арқылы ақпаратты табу, әдеби шығармалар мен кейіпкерлерді білу қабілеттерін көрсетті.