Бұқар Жырау атындағы Шахтинск қалалық кітапханасының кітапханашысы кітапхананың 25 қазан Республика күні аясында дөңгелек үстелін өткізді.Дөңгелек үстелде Республика күні мерекесінің мән-маңызы, еліміздің тәуелсіздік жылдардағы негізгі жетістіктері, қоғамда тұрақтылықты сақтауға бағытталған мәселелер талқыланды.Кездесудегі сөз болған ойлар Қазақстанның егемендігі туралы декларация тәуелсіздікке қарай жасалған алғашқы қадам екенін, оның қабылдануы еліміз үшін оң өзгерістер әкелгені айтылды.
2022 жылдан бері Президентіміздің бастамасымен 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке ретінде аталып өтілетіні қуанышты жаңалық болғаны, тура осы күні 1990 жылы Қазақстанның егемендігі туралы Декларация қабылданғандығы жөнінде тарихқа үңілді. Бабаларымыз үш ғасыр армандаған тәуелсіздік құжат ретінде тіркелгендігі, осы декларацияның арқасында еліміздің жеке территориясы, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілгендігі, Республика күні осындай тарихи құндылығымен бағалы екендігі талқыға түсті.
Сондай-ақ жиын басында Гимн орындалып, 25 қазанды Жаңа Қазақстан құру жолындағы маңызды күн тақырыбында талқылауға себеп болар бейнероликтер назарларына ұсынылып, шара соңында Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әнін орындап қорытындылады.
Соңғы 13 жылдан бері елеусіз қалған атаулы күнді, ел Президенті қайта жаңғыртып, еліміздің тәуелсіздігі расымен де осы күннен бастау алып, бұл күннің ұлттық мереке ретінде бекітілуі тәуелсіздік тұғырын асқақтата түсетін маңызды қадам боларын, бұл мерекені тарихымызды, дәстүріміз бен тілімізді, құндылықтармызды дәріптеу деп қабылдауымыз керек деп қатысушылар Республика күні мерекесімен құттықтап, елдік пен бірліктің жолында күш біріктіріп, елге қызмет ете беруге шақыра дөңгелек үстелді қорытындылады.