21 қазанда № 16 кітапхана - филиалының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеуге арналған № 11 ЖББМ КММ 10 сынып оқушылары үшін «Мен Қазақстанда тұрамын!» виртуалды саяхат өткізді. Олар республикамыздың ірі қалалары туралы айтып, көрікті жерлерді көрсетті. Іс-шара соңында нысандардың атауларын қазақ тілінен орыс тіліне аудару ұсынылды. Мысалы: «Сары-Арка-Желтая равнина»; «Мынгышлак- тысяча кишлаков» және басқалар.
Және орыс тілінен қазақ тіліне «Воробьиное плато-Торгайское»; «Две головки соли-Экибастуз» және басқалары. Іс-шара қызықты өтті. Сондай - ақ, балалар келесі тапсырманы орындады, онда фотосурет бойынша ҚР Табиғи аймағын-дала, шөл және т.б. анықтау қажет болды. Оқушылардың назарына «Менің Отаным - Қазақстан!» әдебиет шолу ұсынылды.