2024 жылдың 23 тамызы күні Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залы қызметкері «Жасыл ел» ерікті жастарымен 30 тамыз Конституция күні қарсаңында құқықтық сабағын өткізді.
Алдымен патриоттық іс-шара болғандықтан ҚР Гимні орындалды. Әрмен қарай жастардың Конституция жайлы түсінігін кеңейту мақсатында мәліметтер тыңдалынып, тақырыпқа сай «Конституция тарихы», «Сен білу керек 10 бап» атты бейнероликтер назарларына ұсынылып, сауалдар қойылып, жауаптары тыңдалды.