№12 балалар кітапхана филиалының оқу залында «Санжар Асфендияров» атындағы жалпы білім беретін мектебінің лагерімен кездесті. «Көңілді сайыстар сағаты» атты спорттық ойын-сауық бағдарламасы өтті. Іс-шараның жүргізушісі спортпен шұғылданудың маңыздылығы, дұрыс тамақтану, белсенді өмір салтын ұстану қажеттігі туралы айтып берді. Ол спорт кейбіреулер үшін хобби, ал басқалары үшін мамандық пен өмірдің мәні екенін атап өтті. Балалар спорттың денсаулыққа қандай пайдасы бар екенін, спорттың түрлерін,спорттың не үшін керек екенін білді. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатындағы шара барысында тоғыз құмалақ, ат спортының түрлері аламан бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге алу, мергендер сайысы, асық ойындары, қазақша күрес сияқты спорт ойындар түрлеріне түсінік берілді. Балалар екі топқа бөлініп «Қап киіп жарысу», «Доппен ойнау», «Арқан тарту», «Асық», «Қыз қуу» ойындарына белсенді қатысты. Викториналық сұрайтарға белсене қатысып, білімпаздықпен жауап берді. Іс шара көңілді, қызықты әрі пайдалы өтті.