№12 балалар кітапхана филиалының оқу залында Санжар Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебінің жазғы лагерімен кездесті. «Жол қозғалысы ережелері құрметке лайық» атты библиофорсаж өтті. Іс шарада кітапханашы балаларға жол жүру ережесі, жол белгілерінің түрлерін және атқаратын қызметі туралы айтты. Қатысушылар «Бағдаршам», «Аялдама» екі топқа бөлініп әнұран оқыды, жол жүру ережесі туралы жұмбақтарды шешіп, мақал-мәтелдерді еске түсірді, сөзжұмбақтардың жауабын тапты.
«Түрлі түсті шар» ойынында ойыншылар 2-топқа бөлініп сайысқа шықты. «Жаяу жүргінші», «Жүргінші», «Бағдаршам» дидактикалық ойынында алдарына қойылған тапсырмаларды орындады. «Кубик-Рубик» танымдық ойынында балалар екі топқа бөлініп, әрбір топта бес баладан қатысты. Жол белгілері туралы сұрақтар қойылып оқушылардың білімдері сыналды. «Саналы жүрек» викториналық ойынында сұрақтарға дұрыс жауап берип отырды. Іс шара соңы «Бағдаршам» әнімен көңілді аяқталды, балалар позитивпен зарядталды.