1 маусым Балаларды қорғау күні қарсаңында орталық қалалық кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары Орталық қалалық саябақ алаңына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жазғы оқу залы, кітапханаға оқырман болуға жарнамалық парақшаларын таратып, түсіндірме жұмыстарын жасады. Кітапханашылар орталық алаңдағы мерекелік бағдарламаларды тамашалап, қызықтап, балаларды құттықтады.