15 мамыр күні «Поэзия қолтаңбасы» атты поэзия клубының кезекті отырысы клуб мүшелерімен әдебиеттің түрлі тақырыбында жыр жырлаған көрнекті ақын, поэзиясында табиғаттың әсем сұлулығы, әсерлі махаббат, жан сұлулығы, тап-таза сезімдер өрнектеліп суреттелген нәзік жырларымен халық жүрегінен орын тапқан ақын Сағи Жиенбаевтың туылғанына 90 жыл толуына орай шығармашылығына талдау өткізілді.
Аталмыш іс-шарада клуб мүшелері ақынның өмірі мен шығармашылығына толықтай тоқталған деректер мен мағлұматтарға құлақ түріп, Отанды, туған жерді сүюге, сонымен қатар ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеудегі өлең шумақтарын жарыса, кезектесе отырып мәнерлеп оқып берді.
Шараға оқушылар белсенділік танытып, іс-шара соғында ақынның «Айналдым елім» атты әні орындалып, бейнематериалдар назарларына «Жырлары мөлдір бұлақтай» атты кітаптарына шолу көрмесі ұсынылды.