Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    "Қазақ халқының балалар салты" Көрсетілім


    № 12 балалар кітапхана-филиалы оқырмандары үшін «Қазақ халқының бала салты» көрсетілімі өтті. Шара барысында кітапханашы қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына тоқталды. Сондай-ақ салт-дәстүр атадан балаға мирас болып келе жатқан бай мұра екенін айтып өтті. Балалар қазақтың «Шілдехана», «Бәсіре» «Сүндет той» «Атқа мінгізу» «Тілашар» «Танабау тағу»   сияқты ұлттық салт-дәстүрлерімен танысты. Қойылым арқылы қазақтың ұлттық бала салты «Шілдехана»,  «Бесік той», «Тұсау кесу»  балалар назарына айқын көрсетілді. Көрсетілімге Күлипа апай мен кітапханашы Жондиллаева С қатысты. Жас оқырмандарымыз күмбірлетіп күй тартып, «Қамажай» биін биледі.

       

    Кітапхана қызметкері балаларға Наурыз мерекесін тойлау туралы түсініктерін ашып, «Қазақтың киіз үйінің безендірілуі», «Қазақтың ұлттық киімдері мен тағамдары» атты жаңа мәліметтермен білімдерін толықтырды. «Мақал – сөз атасы» кезеңінде әзіл сұраққа мақалмен жауап берді. Шара соңы «Шашу» рәсімімен аяқталды аяқтады.

     

     

    Қазақ халқының салт дәстүрлер туралы кітаптардың бар екендігі туралы ақпаратты «Шахтинск орталық кітапханасының» сайтынан таба аласыз. https://shahtinsklib.kz/kk/childpage_main

     

     

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida