18 сәуірде №16 кітапхана - филиалының қызметкерлері №11 ЖББМ КММ 7 сынып оқушылары үшін «Трендтегі мамандық» митап өткізді.
Бірінші кезекте оқушыларға «Митап» - бұл қызметтің бір саласы адамдарының бейресми кездесуі екендігі туралы айтылды. Қысқаша айтқанда, митаптың мәнін төрт сөзбен сипаттауға болады: жасаңыз, үйреніңіз, бөлісіңіз, өзгертіңіз. Сондай ақ олар eGov.kz. деректер бойынша еңбек нарығында қандай жетекші позициялар бар екенін айтты. Балалармен бірге ең трендті мамандықтар анықталды. Іс-шара қызықты өтті.