№12 балалар кітапхана-филиалы сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының 30- жылдығына арналған " Ұлттық валюта-тенге күні" атты эрудит-шоу өтті. Іс шараға Әлихан Бөкейханов атындағы №16 мектеп - лицейі 8 «г» сынып оқушылары қатысты. Кездесуде дүниенің түрлі бөліктерінде адамдар ақша ретінде әр түрлі тауарларды –астық, мал, қымбат тастар және металдарды пайдаланғаны.
Ұзақ уақыттар бойы ақша есебінде алтын және күміс жүргені. Қымбат металдардың физикалық қасиеттері біртектілігі, мықтылығы, құндылығы ақша атқаруға тиісті талаптары. Казіргі таңда валюталық қарым-қатынастарды нығайтудағы теңгенің қызметі, төл валютамыздың алғаш пайда болуы, өзгеруі және түрленуі тарихы, қолданыстағы маңызы айтылады. Балалар ең алғашқы шыққан 1,3,5,10,20,50,100 теңге, яғни біздің әйгілі хандарымыз бен жырауларымыздың бейнесі суреттелген ұлттық валюталармен танысты. «Саудагер» ойынында түрлі бағалы бұйымдарды өздеріне ұнаған тауарларға айырбастады. Киіз үйді сиырға айырбастады. Сиырды зергерлік бұйымдарға айырбастады. Ойын арқылы балалар тауарлардың ақша ретінде пайдаланғанын түсінді. «Алтын тенге» викториналық сұрақтарға жауап беріп белсенді қатысты. Іс шара көңілді қызықты өтті.