№12 балалар кітапхана филиалы сіздердің назарларыңызға «Қазақтың ұлттық ыдысы-уақыт байланысы» атты ақпарат сағатын ұсынады. Іс шарада қазақ халқының ыдыс аяқтың – ас-тағам дайындауға және тамақтануға тікелей пайдаланылатын ыдыс түрлерінің атауларын,ыдыс аяққа қатысты ырым-ырым тыйымдар, ыдыс сөзінің мағыналық ауқымы кең екені біле аласыздар.
Көшпеділер ұғымында ыдыс-аяқ түрлері материалдық игіліктің бірі ретінде молшылық-тоқшылық, ырыс-берекенің көзі деп есептелінді. Ыдыс-аяқтар көшпелі тұрмыстың талаптарына сай көбінесе ағаштан және теріден жасалған. Мұндай ыдыс-аяқтар көші-қон кезінде оңайлықпен бүлінбейтіндігімен әрі жеңілдігімен ерекшеленген. Халқымыз келген қонаққа қандай ыдысспен ас тартуына ерекше мән берген. Үйде сынық ыдыс-аяқ ұстамаған. Қаламыздағы кітапханалардағы қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрі туралы әдебиеттердің бар екендігі туралы ақпаратты «Шахтинск ОКЖ» КММ https://ecatalog.shahtinsklib.kz/ сайтынан білуге болады.