22-29 қазан аралығында «Шахтинск ОКЖ» КММ балалар кітапханалары мен балалар бөлімшелері «Музафар Әлімбаевтың өлеңдерін оқимыз» челленджіне қатысты. Іс-шара Балалар ақынының 100 жылдығына орай және Бұқар жырау атындаағы Орталық қалалық кітапхананың бастамасымен «Оқу сауаттылығын тәрбиелеу» жобасын іске асыру аясында өткізілді.
6 жастан 11 жасқа дейінгі 30-дан астам бала балалар ақынының Отан, табиғат, құрдастарының өмірі туралы әр түрлі өлеңдерін оқыды. Челлендждің жас қатысушылары сертификаттармен марапатталды.