Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Кітапхана - Кітап елі» экскурсиясы


    1 қарашада № 12 ЖББМ 5 «А» сынып оқушыларына арналған Шахан кентінің отбасымен оқудың модельді кітапханасында «Кітапхана – Кітап елі» экскурсиясы өтті. Балалар кітапхана балалар бөлімінің оқу залымен және абонементімен танысты, олар үшін таныс және қызықты кітаптар мен журналдардың қаншалықты көп екенін білді. Балаларға кітапхана ережелері және кітаптарды пайдалану ережелері туралы айтылды.

     

     

    Кітапханашы балаларды «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтымен – «Балалар парақшасымен», online -қызметтермен, бай өлкетану материалдарымен және басқа бөлімдермен таныстырды. Қатысушылар сайттағы электрондық каталогтан ақпарат іздеу бойынша практикалық сабақтарға қатысты. «Жаңа беттерді парақтау = Листая новые страницы»  жаңа шолуы өткізілді. Балаларға «Шахтинск-любимый город = Шахтинск - сүйікті қалам» кеңейтілген шындықпен суреттелген энциклопедиясы және «Шахан-поселок шахтерской славы = Шахан – кеншілер даңқының мекені» библиографиялық хабарламасы ерекше ұнады. Экскурсия балалар үшін танымды және қызықты өтті.

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida