9 қарашада Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапхананың кітапханашысы №1 мектеп гимназиясының 10 «Б» сынып оқушыларымен «Кітап. Жастар. Интеллект.» тақырып бойынша дөңгелек үстелді ұйымдастырды. Талқылауға оқудың танымалдығы мен пайдасы туралы бірнеше сұрақтар қойылды. Оқушылар өз таңдауында қаншалықты жиі оқып және қандай әдебиеттерді ұнататынын айтты, кейбір балалар достарына сүйікті кітаптарын оқуға кеңес берді. Кітапханашы ұсыныс ретінде жастарды қызықтыратын дайындалған тізіміндегі кітаптармен таныстырды. Іс-шара соңында жасөспірімдерге оқуға ынталандыратын бейнеролик ұсынылды, олардың әрқайсысы өздері үшін пайдалы ой мен ақпаратты ой елегінен өткізді.