Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Кітапханашы мамандығы жайында мен не білемін?» дөңгелек үстел


    20 қазан күні Бұқар Жырау атындағы Шахтинск қалалық кітапханасы №5 ЖББМ-ң 10 сынып оқушыларымен кітапханашы және ол мамандықтың тарихының  маңызы мен мәнін айшықтау, оқырмандардың ақпараттық білімдерін тереңдете отырып, ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу және таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын одан әрі дамыту және ұштау мақсатында кітапханалық сабақтың кезекті іс-шарасын дөңгелек үстел түрінде  өткізді.

    Аталмыш іс-шарада кітапханашы осы мамандықтың пайда болуы, бертін келе дамуы, қазіргі таңдағы орыны мен осы жылдан бастап аталып өтілетін мейрамы жайлы түсіндіріліп, оқушылармен пікір алмасып, ашық ойларын айтып, кітапханашылардың бойынан көрген, көретін қасеттерін ассосациямен таратып қызықты өтті. Соннымен қатар ой туындату мақсатында бейнеролик назарларына ұсынылды.

     

         

         


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida