10-томдық жинақта Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өлендері, рауаяттары, дастандары топтастырылған. Еуропалык ақындарға қарағанда, Шығыс шайырларының бір таразымен, қатардағы адамнын көру, есту, сезу т.б. мүмкіндіктерімен шектелмей, көп өлшемге иек артатынын т.б. ескерсек, кітап әлем әдебиетін өзіндік суреттеу амал-тәсілдерімен толықтыруымен ерекшеленеді. Кітап-қазақ әдебиетін әлем әдебиеті дамуымен сабақтастықта зерттеп жүрген мамандар, қазақ әдебиетін неғұрлым кеңірек сараптауды мақсат еткен әдебиетшілер, қазақ тілінің сыр-сипатын жан-жақты дәйектегісі келген тіл зерттеушілері, сонымен бірге философия, педагогика т.б. ғылым саласы мамандары үшін баға жетпес бай материал көзі.