Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новинки книг

    Последнее обновление: 28 Февраля 2025 11:50, Просмотров (1679337), Печать

    Шарапатұлы Ш. Тынышпаев Мұхамеджан. Қазақ халқының тарихы / Ш. Шарапатұлы. – Караганда: TengriLTD, 2024. – 264 б.

    Жинаққа қазақ халқының қайраткер ұлы, қазақ тарихының, мәдениетінің, тұрмысының және қазақ рулары шежіресінің ірі білгірі, 1937 жылы репрессияға ұшыраған. Мұхамеджан Тынышпаевтың кейбір көсемсөздері, ғылыми еңбектері мен өлкетану зерттеулері кіріп отыр. Оның еңбектерінде көне дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі қазақ тарихы қамтылады.

     




    Файзолла А. Теңізден тамшы / А. Файзолла. – Алматы: Дәуір, 2024. – 192 б.

    Алпамыс Файзолланың «Теңізден тамшы» атты бұл кітабына әдеби-танымдық мақалалары мен зерттеулері енген. Онда ағылшын, француз, жапон, орыс, неміс, америкалық, ирландиялық т.б. қаламгерлердің романдарын, повестерін, әнгімелерін талдайды. Әдеби шығарманың өзегін, жазушының айтқысы келген ойын таркатып, озінше зерделеген. Яғни, «әдебиет» атты мұхиттың шұңғымаларына сүңгіп, тереңнен асыл сөз бен інжу ойларды «алып шыққан».

     




    Түменбай Қ. Менің қөзім арқылы: эсселер, портреттер мен мақалалар / Қ. Түменбай. – Алматы: Тоғанай Т., 2024. – 368 б.

    Қаламгердің жаңа жинағына көсемсөз шығармалары, яғни танымдық мақалалары мен эсселері топтастырылғай. Қуандық Түменбай жинағында өткен тарих пен бүгінгікүннің ең өзекті мәселелері, ана тіліміздің тағдыры мен ұлт болашғы терең қамтылады. Кітаптағы очерктер мен эсселер оқырман таным-түсінігін кеңейтіп, көңіл көкжиегін көтереді. «Менін көзім арқылы» жинағы атақты диқан Ы.Жақаев пен шопан Ж.Қуанышбаевтың еңбекке деген адалдығын, қаламгер-қайраткер Ш.Мұртаза мен ұлт патриоты А.Сәрсенбаевтың кісілік келбетін паш eтеді. Coндай-ақ жаңа Қазақстанның бүгінгі бейнесі мен болашағы, туған жер тұғырын биіктетуге арналған шығармалардың басын құрайды.     

     




    Уайсова А. Ойтұмар / А. Уайсова. – Алматы: Sardar G, 2024. – 232 б.

    «Зар заман ақыны» Шортанбай мұрасының зерттеушісі, Акпарат саласының үздігі журналист Айгүл Уайсованың бұл жинағында мерзімді баспасөзде жарияланған мақалалары мен еліміздің белгілі тұлғаларымен болған сұхбаттар топтастырылды.

    Автордын Шортанбай ақынға қатысты зерттеулері болашақтағы ғылыми ізденістердің өзегіне айналатындай жаңа көзқарастарымен маңызды болса, жалпы адамзаттық құндылықты дәріптейтін сұхбаттардың кейіпкерлері өз ойларымен ізгілікке бастайды. Жинақ қалың көпшілікке арналады.

     




    Тарақов Ә. Адамзаттың ақыны - ақиқаты: монография / Ә. Тарақов. – Алматы :ЖШС РПБК"Дәуір", 2024. – 368 б.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттык университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Әнуар Тарақовтың бұл кітабында ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының классигі, ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы әлемдік әдебиет деңгейінде талданып, сарапталады. Ақынның халыққа кең танымал жырлары мен дастандары зерттеу өзегіне айналған. Автордың оқырман жүрегіне мәңгілік жол тапқан асыл жырларын, дастандарын, күнделіктері мен прозасын салыстыра талдаған зерттеуші өзіндік тың ой-пайымдауларын ұсынады. Кітап поэтикалық стильде жазылған, қалың қауымға, әдебиеттанушыларға арналған.

     




    Страницы: 1 2 3 4 5 6 7 8

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida