Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новинки книг

    Последнее обновление: 11 Мая 2024 14:37, Просмотров (476965), Печать

    Қазақстан Республикасы. Заңдары. Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі: ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-ҮІІ кодексі. – Алматы: LEM, 2024. – 382 б.

    Осы Кодекстің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және аудару, олар бойынша өндіріп алу, оларды сақтау және есепке алу, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, сондай-ақ шартты зейнетақы шоттарының құпиясы мәселелерін реттейтін нормаларының қолданысы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды

     




    Қазақстан Республикасы. Заңдары. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодіксі = Этический кодекс государственных служащих Республики Казахстан: ҚР Кодексі. – Алматы: Юрист, 2023. – 12 б.

    Заң консультантының кәсіби әдеп кодексі – бұл кәсіби корпоративтік әдептің жалпы принциптерінің жинағы және заң консультанты басшылыққа алуы керек мінез-құлықтың негізгі қағидалары. Кодекс заң консультантының беделі мен корпоративтік әдебін нығайтуға және азаматтардың кәсіби заңгерлерге сенімін нығайтуға жәрдемдесуге арналған. Кодекс Қазақстан Республикасының мақұлданған адамгершілік қағидалары мен заңнамаларына негізделген және «Эгида» Алматы қаласының Заң консультанттары палатасы» Жарғысына және ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңына сәйкес әзірленген.

     




    Момышұлы, Б. Соғыс психологиясы: хроникалық кітап / Б. Момышұлы; орыс. ауд. А. Ментебаева. – Алматы: Кн. клуб, 2022. – 256 б.

    Кеңес және шетелдік қаламгерлер Б. Момышұлын Мәскеу түбіндегі ұрыста (бұл туралы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» романында баяндалған) өзінің батылдығының арқасында жауынгерлерді жауға қарсы шабуылға көтерген аты аңызға айналған комбат, сондай-ақ «Артымызда Мәскеу» (1958), «Генерал Панфилов» (1963), Абай атындағы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алған «Біздің семья» (1976) тәрізді кітаптар авторы ретінде жақсы таниды. Кітапқа Б. Момышұлының 1943–1945 жж. ғалымдар, жазушылар, жауынгерлер мен саяси қызметкерлер алдында сөйлеген сөздері, дәрістері, басынан өткен оқиғаларға, Ұлы Отан соғысының психологиясына жауынгерлік, қаламгерлік, педагогтық көзқарасы жайлы кейбір хаттары енді. Кітап жалпы оқырман қауымына арналады.

     










    Страницы: 1 2 3 4 5

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida