Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новинки книг

    Последнее обновление: 28 Февраля 2025 11:50, Просмотров (1526760), Печать

    Ысқақбай М. Ғашық боп көрмеген келіншек: хикаяттар, әңгімелер /М. Ысқақбай. – Астана: Фолиант, 2024. – 600 б. – (Алтын тамыр).

    Жазушы Марал Ысқақбайдың бұл жинағына көпшілікке танымал «Ғашық боп көрмеген келіншек», «Ғажайып бала», «Жойқан төбе» атты хикаяттары мен «Қияндағы қыстау», «Менің көрші әріптестерім», «Қайыркеш» сияқты әңгімелері еніп отыр. Автор өз туындыларына өмірде кездесетін сан қилы оқиғаларды арқау еткен. Ол тағдырдың тауқыметі мен қуанышын шебер суреттеп, адам жанының ішкі сарайына үңіледі. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.      




    Шүйіншәлиева М. Ар азабы: хикаялар, повесть, пьеса /М. Шүйіншәлиева. – Астана: Фолиант, 2024. – 328 б. – (Бүгінгі проза).

    Жазушының бұл кітабына енген туындыларында қазіргі дәуір тынысы, уақыт шындығы, замандастар бейнесі шынайы суреттелген. Мира Шүйіншәлиеваның әңгіме-хикаяларының, пьесасының арқауынан алуан тағдырды көреміз. Ондағы кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, ішкі сезім иірімдері шебер сомдалған, адам мінезінің құпия сырына үңіліп, оның әр қырын аша білуі жазушының жаңа көркемдік ізденістерін танытады. Кітап көпшілік оқырманға арналған. 




    Тоқтаров Р. Абайдың жұмбағы: роман /Р. Тоқтаров. – Астана: Фолиант, 2024. – 856 б. – (Сөз - маржан).

    Танымал жазушы Рамазан Тоқтаров өзінің «Абайдың жұмбағы» атты романында ұлы ақынның туғанынан бастап дүниеден өткеніне дейінгі тұтас бір дәуір панорамасын жасауды мақсат еткен. Романда Абай өмірінің сан салалы қоғамдық, әлеуметтік көріністері кең қамтылып, айшықты көркем тілмен бейнеленген. Автор ұлы Абайдың әдеби бейнесін толымдырақ етіп жеткізу үшін қамтылмай келе жатқан жайттарға, ақын өмірінің әлі ашылмаған қырларына бойлап, уақыт тасалаған шындыққа бүгінгі заман көкжиегінен көз жібереді. Романда оның әйгілі тұстастары, қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлиханов пен ғұлама жазушы Ф.М. Достоевскийдің Семей қаласында бас қосқан жылдары, сондай-ақ Абайдың өз ақын шәкірттерін тәрбиелеу бағытында сіңірген ғибратты істері де баяндалады. Қалың оқырман жылы қабылдаған бұл туындыны зерттеушілер жаңа дәуірдегі әдебиетімізге қосылған сүбелі үлес деп таниды. Шынайы суреткердің шеберлігін танытқан шығарманың көркемдік дәрежесі жоғары, тілі бай. Кітап көпшілік қауымға арналған. 




    Цвейг С. Амок: хикаяттар /С. Цвейг; ауд. К. Ахметов; сурет. А. Қыздарбекова. – Қарағанды: Qasym баспа үйі, 2023. – 134 б. – (Qasym kitaphanasy).

    Австриялық жазушы Стефан Цвейгтің өзіне тән өткір әрі шынайы, терең әрі әсерлі баяндау стилі талғампаз оқырмандарды тәнті етіп, сан алуан сезімдерге бөлейді. Бұл кітапқа қаламгердің «экспрессионистік новелла», «көңіл күй новелласы» деп танылған «Амок» және үнділік терең пәлсапа мен даналыққа негізделген «Бақилық ағаның көзі» атты шығармалары еніп отыр. Әуелгі хикаятта адам жанының құштарлығы мен дұшпандығын, үрейі мен үмітін, күйініші мен сүйінішін айқын танытатын шытырман оқиға баяндалады. Екінші хикаят өмір мәні, адам болмысы, жақсылық пен жамандықтың табиғаты жайлы терең пайымдарга жетелейтін ежелгі аңыз желісіне құрылған. Кітап әдебиетке құмар барша оқырманға арналған.




    Тоқаев К. Ұясынан безген құс: роман /К. Тоқаев. – Астана: Фолиант, 2024. – 248 б. – (Алтын тамыр).

    Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған қаламы қарымды жазушы Кемел Тоқаевтың «Ұясынан безген құс» романы шытырман оқиғаға құрылғанымен, онда моральдық мәселелер де алдыңғы орынға шығады. Түрлі шым-шытырық ситуациялар барысында кейіпкерлердің ішкі психологиялық-моральдық тартысы шеберлікпен ашылады. Шығармада жазушы ағайын арасының татулығына дақ түсіретін қызғаныш, көреалмаушылық, маскүнемдік, зинақорлық секілді қылықтарды әшкерелеп, құқық қорғау қызметкерлерінің ауыр еңбегін көркем тілмен сипаттайды. Ізгілік пен адалдықты ұстаным ететін туындының идеялық түйіні ұясынан безген оңбайтынын астарлы түрде меңзеп, оқырманға ой салады. Кітап көпшілік оқырманға арналған.




    Страницы: 1 2 3 4 5

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida