Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Последнее обновление: 27 Февраля 2024 09:42, Просмотров (4408), Печать

     

    ҚЭЖ дегеніміз не?

     

    Құжаттарды электронды жеткізу (ҚЭЖ) - бұл сайт арқылы тапсырыс беріп, «Шахтинск ОКЖ» КММ кітапхана қорынан құжаттың көшірмесін (журналдан, газеттерден мақалалар, кітаптан үзінді) баспаша түрінде алу мүмкіндігі

     

    Тапсырыс үшін қол жетімді болуы мүмкін:

     

    • көлемі 10 беттен аспайтын журнал мақаласының үзіндісі;
    • газет мақаласының үзіндісі;
    • көлемі 10 беттен аспайтын кітаптардан үзінділер;
    • деректер базасынан нормативтік-құқықтық ақпарат; 

     

    Тапсырысты орындау мерзімі

     

    ҚЭЖ-ге тапсырыстар кітапхананың жұмыс күндері қабылданады және қажетті құжаттың қай жерде болуына байланысты 1-3 жұмыс күні ішінде орындалады. 

     

    Қажетті құжатқа тапсырысты қалай орналастыру керек

     

    1.          пайдаланушыға қажетті құжаттың бар-жоғын Виртуалды анықтама арқылы немесе кітапхана телефондары арқылы білуге болады;

    2.          электронды тапсырыс бланкісін толтыру және оны электрондық пошта арқылы жіберу немесе кітапхананың телефоны арқылы қоңырау шалу (байланыс бетін қараңыз). 

     

    ҚЭЖ технологиясы

     

    • құжаттың көшірмесіне тапсырыс алу;
    • тапсырысты өңдеу;
    • құжаттың көшірмесін дайындау;
    • құжаттың көшірмесін электрондық пошта арқылы жеткізу.

    Егер бұл жұмыс күні мен жұмыс уақыты болса, Сіз бірнеше сағат ішінде, тапсырысты қабылдау, қабылдамау немесе нақтылау туралы ақпарат, сондай-ақ тапсырыстың орындалу мерзімі мен ерекшеліктері туралы ақпарат бар сауалға жауап аласыз.

    Егер Сіздің тапсырысты орындау мерзімі немесе төлеу шарттарына көңіліңіз толмаса, және Сіз оны жойғыңыз келсе, міндетті түрде бұл туралы хабарлауыңызды өтінеміз. 

     

    Тапсырыс берілген құжатты қалай алуға болады

     

    Тапсырыс берілген құжаттың электрондық көшірмесі электрондық пошта арқылы жіберіледі. Көшірмелер компьютерден оқуға беріледі немесе қағазға басып шығару түрінде тапсырыс берушіге беріледі. 

     

    ҚЭЖ қызметін орындаудан бас тарту негізі:

     

    • Кітапхана қорында құжаттың болмауы.
    • Тапсырыстың ҚЭЖ туралы Ережесіне сәйкес келмеуі. 

     

    Назар аударыңыз! Алған басылымның электронды көшірмесі тек қана ғылыми, мәдени және білімдік мақсатта пайдалануға арналған. Алған көшірмені тираждауға, оларды заң рұқсат еткеннен басқа (электронды құжаттың бір реткі басылымы) кез-келген басқа түрде қайта өндіруге, алған көшірмені кез-келген негізде басқа тұлғаға немесе мекемелерге беруге тыйым салынады.

     

    Сіз электронды құжаттарды жеткізу қызметіне тапсырыс бере аласыз:

    Тел .: 8 (72156) 5-69-35

    электронды пошта: eddbibliotecashakhtins@mail.ru

    Байланыс тұлғасы: Салимова Ольга Валериевна, басшының міндетін атқарушы. OOiIF

     

    Құжаттарды электронды жеткізу = Электронная доставка документов

     

    қайта оралу

     

    * Барлық жолдарды міндетті түрде толтыру қажет

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida