Мен, Калинина Ирина Алексеевна («Шахтинск ОКЖ» КММ директоры), Шахтинск қаласының мәдениет мекемелерінің бірі - Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі коммуналдық мемлекеттік мекемесін ұсынамын. Шахтинск ОКЖ құрылымына кіреді: Бұқар жырау атындағы Орталық қалалық кітапхана., үш кенттік кітапхана, екі балалар кітапханасы және екі бұқаралық кітапхана. Кітапханалар қорына 2023 жылы 3637 дана алынды, оның ішінде мемлекеттік тілде - 614 дана. Пайдаланушылар саны - 20833, оның ішінде 1962 тіркелген сайт пайдаланушылары. Шахтинск ОКЖ кітапханалары «Оқырман ұлт» ұлттық жобасы аясында жұмыс істеді. Бұған «Бір ел – бір кітап» және «Әдеби өлкетану» атты екі жоба кірді. Жоба аясында: «Бір ел-бір кітап» - 26 іс-шара өткізілді, қамтылды 259 («Төлен Әбдіков шығармасындағы адам тағдыры», «Таланттың қырлары» кеші, «Т. Әбдіковті бүкіл ел болып оқимыз» кітап PR - акциясы және т. б.); «Әдебиет» - 53 іс-шара өткізілді, қамтылды 662; «Нағыз оқитын көз» - 1097 іс-шара өткізілді, қамтылды 17680. Жобалар шеңберінде іс-шараларды өткізу туралы жоспар мен тоқсан сайынғы есептер «EasyProject» платформасында жарияланды. Кітапханалардыың қорларын цифрлық форматқа көшіру жөніндегі қызметі біздің кітапханалардың ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады. Цифрлық форматқа аударылған құжаттардың мүмкіншілігі көп: мысалы, көшірілген құжаттарға көптеген адамдарға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, өйткені құжаттарды копия жасап көшіру олардың тез бұзылуына әкеледі. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап Шахтинск кітапханалары «Цифрлық Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында белсенді жұмыс істеуде. Қорды цифрландырумен екі бөлім айналысады: қорды ұйымдастырып пайдалану бөлімі және ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі. Қорды цифрландыру 2019-2027ж.ж. есептелген «Шахтинск ОКЖ» КММ ақпараттық-кітапхана қорын цифрлық форматқа көшіру» бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі, 2023 жылы жоба бойынша 70 кітап цифрландырылды. Барлық кітаптар кітапхана сайтында қойылған «Е-кітаптар» ЭК-мен байланысты. 2023 жылы 1995,1996,1997 жылдарда басылған «Шахтерский маяк» газетінің 307 нөмірі цифрланды. ОКЖ кітапханалары Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханаларымен, шет елдердің кітапханаларымен ынтымақтаста, олардың арасында біздің кәсіби жұмысымыз жоғары бағаланады. Жүйенің орталық кітапханасында қазақ ақыны Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына арналған «Ұлы Дала аңызы» әдеби фестивалі өтті : 1 тур домбырашылар байқауы –«Табиғат сұлулығын жырға салдым». 2-тур мәнерлеп оқу сайысы – «Жырдың сиқырлы жолдар». Байқауға 13 адам қатысты. 3 тур Бұқар жырау атындағы Орталық қалалық кітапханада Ашық есік күні: кітапхана бойынша экскурсиялар, «Ұлы Дала аңызы» көрмесі, онда электронды кітаптардың QR кодтары бар фотосуреттер, Плакаттар, Бұқар Жырауға арналған материалдар ұсынылған. Сол күні абонемент қонақтарына арналған «Ұлы даланың ұлы адамдары» әдебиетіне шолу және Бұқар жырау туралы сұрақтарға дұрыс жауап бергендер арасында жүлделер викторина ойыны өткізілді. «Жыраудың даналығы» әдеби сағаты, іс-шара барысында Бұқар жыраудың өмірінен көптеген қызықты фактілер ұсынылды, сондай-ақ оның ерекше жетістіктері туралы айтылды. Іс-шара соңында қатысушылар оның дәйексөздері бар кітап бетбелгілерін және Е-кітаптардың QR кодтары бар парақшаларды алды. 4 тур мерекелік концерт. Мерекелік концертке қаланың МҮ шығармашылық ұжымдары, балалар музыка мектебінің вокалистері, домбырашылар қатысып, қатысушыларға ұмытылмас әсер мен шабыт сыйлады. Шахан кентінің МҮ - де біздің кітапхана дайындап және басып шығарған «Шахан – кеншілер данкының мекені» библиографиялық құралының «Шахан – кеншілер даңқының мекені» атты салтанатты презентациясы өтті. Кітапханалардың материалдық - техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жоспарлы және мақсатты түрде жүргізілуде, біз атқарушы және өкілді биліктен елеулі қолдау көреміз.
2024 жылға қорды жинақтауға бюджеттен-құжаттар қорын жинақтауға 8500 000 теңге және мерзімді басылымдарға 5000 000 теңге бөлінді.
Пайдаланушыларға жаңа технологиялар арқылы кең ақпараттық кеңістік беру бойынша жұмыс жалғастырылды. Шахтинск ОКЖ КММ кітапханалары корпоративтік желіні орнатуда, мобильді қызметтерді дамытуда бірінші болды: Мобильді кітапхана, құжаттарды электрондық жеткізу, виртуалды анықтама және т.б. «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтында жүйенің электрондық каталогы үнемі толықтырылып отырды.
Әлеуметтік желілерде жүйе кітапханаларының белсенді жұмысы жүргізілуде, бұл кітапхана пайдаланушыларының ауқымын едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда әлеуметтік желілерге жазылушылар саны – 62940 адам. 2023 жылы сайтқа кіру саны 59624 рет құрады. Алда әлі көп жұмыс бар және біз 2024 жылға жоспар құрып жатырмыз.
|
Вопросов нет