2019 жылдан бастап кітапханада "Шахтинск ОКЖ КММ ақпараттық-кітапхана қорын цифрлық форматқа көшіру" бағдарламасы жұмыс істейді, оның шеңберінде әлемдік әдеби мұраға кіретін кітаптарды цифрландырудың екінші кезеңі басталды. Өлкетану сипаттағы басылымдарды цифрландыру жалғасуда.

2026 жылғы 1 қаңтарға 770 кітап цифрландырылды, оның ішінде мемлекеттік тілде 38 басылым, өлкетану мазмұнындағы газеттердің 1916 нөмірі.
Кітапхана Шахтинск аймағының тұрғындарын ынтымақтастыққа шақырады. Егер сізде ерекше басылымдар болса, әсіресе Қарағанды облысының, Шахтинск аймағының тарихы мен дамуына, Карлаг тарихымен байланысты және бөлісуге дайын болсаңыз, кітапхана жинақтау жөніндегі комиссияның шешімі бойынша басылымдарды сканерлейді.
Электрондық нұсқаны басылым иесіне ұсынамыз және "Шахтинск ОКЖ"КММ сайтында электрондық каталогқа байланыстырамыз. Сіз біздің бағдарламамыздың қатысушысы боласыз, онда сіздің бірегей басылымыңыз электрондық форматта қолжетімді болады.
Байланыс телефоны: 8 (72156) 5-69-35