Последнее обновление: 05 Июля 2024 12:25, Просмотров (2473), Печать
Бүгінгі таңда Шахтинск аймағында 4 шахта жұмыс істейді (Ленин атындағы шахта, Қазақстан, Шахтинск және Тентек шахталары), олар 1996 жылдың 1 шілдесінен бастап «Испат-Кармет» ААҚ КД құрамына кірді.
01.01.2005 жылы «ИспатКармет» ААҚ КД - «МитталСтил Теміртау» АҚ КД болып өзгертілді.
2023 жылғы 8 желтоқсаннан бастап «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ресми түрде QARMET компаниясы болып өзгертілді.
Көмір департаменті 1996 жылы маусымда құрылды және жылына 7 млн.тоннадан астам кокстелетін көмір өндіру қуаттылығына ие болды. Көмір департаментінің шахталарында пайдалы қазбаларды жерасты тәсілімен өндіру жүзеге асырылады.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің құрамына келесі Шахтинск өңірінің шахталары кірді:
«Казахстанская» шахтасы 1969 жылы маусымда пайдалануға берілді.
Өндірілетін көмір маркалары-КЖ, 1К.
«Шахтинская» шахтасы 1973 жылы пайдалануға берілді, жобалық қуаты жылына 1,8 млн.тонна көмір.
Өндірілетін көмір маркалары-Ж, КО, КЖ.
«Тентекская» шахтасы 1979 жылы пайдалануға берілді, жобалық қуаты жылына 4 млн.тонна көмір.
Өндірілетін көмір маркалары-КЖ, К, Ж.
Ленин атындағы шахтасы 1964 жылы пайдалануға берілді. 1968 жылы 1/2 «Наклонная» шахтасымен біріктірілді. Шахтаның жалпы қуаттылығы жылына 2,1 млн. тонна көмірді құрады.
Өндірілетін көмір маркалары-КЖ.
«Восточная ЦОФ» тау-кен байыту фабрикасы
«Восточная» орталық байыту фабрикасы 1980 жылы пайдалануға берілді, жобалық қуаты жылына 6 миллион тонна қатардағы көмір және Қазақстан Республикасының ірі көмір өңдеу кәсіпорны болып табылады.
Қазіргі уақытта фабрика «АрселорМиттал Теміртау»АҚ КД шахталарында өндірілетін КЖ, К және КО маркалы байытылуы қиын көмірді қайта өңдеуде. Байытудың дайын өнімдері: Украинаға жеткізілетін концентрат және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ (ЖЭО) өз қажеттіліктеріне жіберілетін өнеркәсіптік өнім болып табылады.
Зауыт жұмыс істеген уақыт ішінде 123 млн.тоннадан астам қарапайым көмір өңделіп, 63,3 млн. тонна кокс концентраты шығарылды.
Қарағанды облысының аумағында орналасқан жер бетіндегі қосалқы кәсіпорындар (Шахтинск қ.):
- «Тау-кен машиналар» зауыты
Qarmet не шешті? // Arga agshamy. – 2024.- 18 қантар.- Б.2
Qarmet не дейді? // Arqa aqshamy. – 2024.- 15 ақпан.- Б.2
Qarmet-tegi жағдай // Arqa aqshamy. – 2024.- 28 наурыз.- Б.2
"Qarmet" қолдауы : форум. // Arqa aqshamy. – 2024.- 23 мамыр.- Б.5
Qarmet-te жаңа конвертер / А. Болат // Ortalyq Qazaqstan. – 2024.- 28 мамыр.- Б.2
"Qarmet - отандық өндірістің мақтанышы" / Е. Кеңесбекұлы // Qrtalyq Qazaqstan. – 2024.- 15 ақпан.- Б.1,2
Абай шахтасындағы өзгіріс // Arqa aqshamy. – 2024.- 15 ақпан.- Б.2
Көзсіз ерлікке - Мемлекеттік марапат / Е. Кеңесбекұлы // Ortalyq Qazaqstan. – 2024.- 7 мамыр.- Б.2
Шахталарға да шара қолданады / Е. Имаш // Ortalyq Qazaqstan. – 2024.- 30 наурыз.- Б.7
Цифрлық шахталар // Arqa aqshamy. – 2024.- 4 сәуір.- Б.5