Последнее обновление: 17 Мая 2024 11:36, Просмотров (3951), Печать
Назарларыңызға «Шахтинский вестник» қалалық газеті беттеріндегі жол бастаушы болып табылатын «Шахтинск в печати» жыл сайынғы бюллетенін ұсынамыз.
Басылымның алғашқы шығарылымы 1978 жылы жарық көрген. Бюллетень 1994 жылдан бастап 2023 жылға дейін жыл сайын тапсырылады.
Бюллетень республикалық, облыстық және жергілікті газет, журналдардан Шахтинск өлкесі туралы мақалалардың библиографиялық сипаттамасын енгізеді.
Тізімдегі әдебиеттер жүйелі түрде, ал ішкі бөлімдерінде мақалалардың тақырыбы мен авторлары әліпбиілік тұрғыда топтастырылған.
Негізгі бөлімдері:
Жергілікті басқару органдары
Қаланың ішкі саясаты.
Қала тарихы.
Қаланың экономикалық дамуы.
Өнеркәсіп. Құрылыс.
Көмір өнеркәсібі. Қала шахталары.
Транспорт.
Коммуналды шаруашылық .
Денсаулық сақтау. Медицина.
Табиғатты қорғау.
Қала білімі.
Қала мәдениеті.
Кітапханалар қызметі.
Қаладағы спорт және денешынықтыру мәдениеті.
Жергілікті ақындар шығармашылығы
Сіздер бюллетеннен Қалалық Мәслихаттың шешімдері мен қалалық әкімдіктің қаулыларын, адамдар және олардың тарихы туралы , қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы және т.б. мақалалардың библиографиялық сипаттамасын таба аласыздар.
Бюллетендегі көрсетілген мақалалардың библиографиялық жазбаларын пайдалана отырып, сіз қалалық газеттің электронды мұрағатынан «Шахтинский вестник» газетінің 2014– 2015, 2016, 2019 жылдардағы өзіңізге қажетті нөмірін таңдай аласыз.
2019 жылғы басылымдардағы Шахтинск
2016 жылғы басылымдардағы Шахтинск
2015 жылғы басылымдардағы Шахтинск
2014 жылғы басылымдардағы Шахтинск
2013 жылғы басылымдардағы Шахтинск
2012 жылғы басылымдардағы Шахтинск