Последнее обновление: 02 Июля 2024 12:41, Просмотров (348), Печать
№12 және 13 балалар кітапхана-филиалдарының қызметкерлері 27-28 маусымда Приозерск қаласында өткен «Балалар кітапханашысының жазғы практикумы – 2024" облыстық семинарына қатысты. Семинар барысында Қарағанды және Ұлытау облыстарының орталықтандырылған жүйелерінің кітапханашылары балалармен кітапхана жұмысын ұйымдастыру тәжірибесімен және кәсіби идеяларымен бөлісті. Бірінші күн бағдарламасы қызықты және қарқынды болды. «Шахтинск ОКЖ» КММ №12 балалар кітапхана-филиалының меңгерушісі Қазақ мәдени мұрасын насихаттау тақырыбында «Жаны бар кітап» мультимедиялық құралының тұсаукесерін өткізді. Балқаш қаласының Гайдар атындағы ОКЖ кітапханашысы «Wordwall» бағдарламасының интерактивті жаттығулар сервисінде викториналар құру мүмкіндігін көрсетті.
«Кітапханадағы Инфографика» тақырыбындағы әдістемелік ұсыныстармен Абай атындағы ОБК инновациялық-әдістемелік бөлімінің басшысы бөлісті. Шет ауданының балалар кітапханашылары «Ертегі керуен» көрме-инсталляциясын және «Қожа болып көр» фотоаймағын ұйымдастырып, «Керуен сандық» челленджін іске қосты. Приозерск қалалық кітапханасының кітапханашылары «Туған жер – талбесігім» көрмесінде ұсынылған кітаптарға шолу жасап, туған қаланың тарихы туралы әңгімеледі. Семинардың екінші күні практикалық сабақтар мен ойындарға арналды. Кітапханашылар «Жинақтаушыға көмек» сабағында өздерінің кәсіби білімдерін көрсетті және «Қызық Quiz» зияткерлік ойынының барлық кезеңдерінен сәтті өтті. Қорытындылау және пікір алмасу практикумы аяқталды. Семинарға қатысушылар Приозерск орталық кітапханасының қызметкерлеріне тамаша ұйымдастырғаны және қонақжайлылығы үшін алғыстарын білдірді.