Последнее обновление: 30 Ноября 2024 15:08, Просмотров (2472), Печать
Бүгінгі таңда Оқушылар сарайы – бұл балаларға қосымша білім беретін көп салалы мекеме. Оның қабырғаларында 4 жастан 18 жасқа дейінгі 2000-нан астам бала әртүрлі үйірмелерге тегін барады. Балаларды ақпараттық-компьютерліктехнологияларды пайдалана отырып, техникалық шығармашылықтың терең негіздеріне оқыту үшін, қазіргі заманғы жаңа жабдықтармен «Кемеңгер» Техно орталығы ашылды: робототехника кабинеттері, СББ-мен (Сандық бағдарламалық басқару) станок жабдығы бар FabLab зертханасы, STEM – зертхана, лингафон кабинеті, радиоэлектрондық құрастыру кабинеті «Жаңа модификациядағы биология кабинеті» оқу-әдістемелік кешені, «Гидропоника», «INDIGO clab» зияткерлік ойындар клубы, кеме жасау үйірмесінің мұражайы бар.
2021 жылы Балалар - жасөспірімдер орталығы мен Мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының бірігуінің нәтижесінде Оқушылар сарайы пайда болды.