2025 жылдың 14 маусымы күні Бұқар Жырау атындағы қалалық орталық кітапхнаның оқу залы қызметкерлері кітапханалық кинозалын өткізді. Көрермендер назарына 2013 жылы режиссер Ақан Сатаевтың батыр «Бауыржан Момышұлы» туралы шыққан 5 бөлімді телехикаясы назарларына ұсынылды. Фильм көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Бес сериядан тұратын телехикая Александр Бектің «Волоколам тас жолы» кітабының бірінші бөлімі негізінде түсірілген. Оқиға 1941 жылдың шілде айынан басталады.
Сол кезде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы әскери комиссариатта қызмет етіп жүрген кезі. Бұл кезде Алматыға болашақта аты аңызға айналған дивизияны қалыптастыру үшін генерал-майор Панфилов келеді. Бауыржанмен танысып, оны жақынырақ білген Панфилов батальондардың бірін Момышұлына сеніп тапсырады және көп ұзамай дивизия майданға аттанады. Телехикаяны көргеннен кейін көрермендер фильмді белсенді түрде талқылап, алған әсерлерімен бөлісті!