Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    "Бас әріптен жазылатын Жазушылар" Әдеби бенефис


    12 наурызда Шахан кентінің отбасымен  оқудың модельді кітапханасында № 2 ЖББМ 7 "А" сынып оқушыларына "Бас әріптен жазылатын Жазушылар" әдеби бенефисі өткізілді. Іс - шара "Бір ел-бір кітап 2025" республикалық акциясы аясында өтті және биылғы жылы шығармаларын оқу үшін таңдалған жазушылар Т.Әлімқұлов пен Ж. Нәжімеденовтың шығармашылығына арналды. Кітапханашы балаларға акция, оның мақсаттары мен міндеттері туралы ақпарат берді. Т.Әлімқұлов пен Ж. Нәжімеденовтің өмірі, олардың шығармашылық жолдары туралы айтып берді. Балаларға елімізде және шетелде оқырмандардың көптеген ұрпақтары мойындаған жазушылардың шығармалары ұсынылды.

    Оқушылар Т. Әлімқұловтың шығармаларын қандай мақсатпен және неге арнап, нені жеткізуге ұмтылатынын және Ж. Нәжімеденов өзінің өлеңдерінде қандай сұрақтар көтеретінін білді. Кітапханашы балаларды еліміздің әнұранына айналған "Менің Қазақстаным" әнінің құрылу тарихымен таныстырды. Ж.Нәжімеденовтің өлеңдеріне "Бейбіт күн тілегі" әнін орындайтын бейнеролик көрсетілді. Іс-шара барысында ақынның "Соқыр және саңырау", "Абай", "Әмбебап дүкенде" және т.б. өлеңдері шырқалды. Балаларға акцияға қолдау көрсетіп, Т. Әлімқұлов пен Ж. Нәжімеденовтің шығармаларын оқуды тіледі.

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida