12 қараша күні Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапханасының оқу залының қызметкері «Поэзия қолтаңбасы» клубының мүшелерімен ақын, сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына арнап пікір алмасуын өткізді.
Шарада клуб мүшелері сықақшы қаламгердің астарлы әзілдері өзара айтылып, әндеріне тоқталды.
Шарада жазушының өткен өмірі мен шығармашылығы бейнеленген бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар кітапханада бар «Жымияды жеңешем», «Жасырайын несіне?!», «Елпекбайдың телпегі», «Үміт жұлдызы», «Әнші әтеш» атты кітаптарына шолу жасалып, түсіндірілді.
Айта кетейік Шона Смаханұлы 60-қа жуық кітаптың авторы, қазақ сатирасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған ана тілінің арашашысы.