№16 кітапхана - филиалының қызметкері онлайн режимінде Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті прозаик, сценарист және драматург-Морис Давыдович Симашконың туғанына 100 жыл толуына арналған «Уақыт өзеніндегі есім: Морис Симашко» әдеби шолуын өткізді.
Морис СИМАШКО - Қазақстанның орыс әдебиетіндегі және жалпы Орталық Азия елдерінің әдеби, мәдени кеңістігіндегі көрнекті есім.
Морис Симашко - Мемлекеттік сыйлықтың және қазақстандық президенттік Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты. Нобель сыйлығына үміткер, Абай атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты. 20-дан астам кітаптың авторы, орасан зор басылымдармен жарық көрген және әлемнің 40 тіліне аударылған, Орталық Азиядағы тарихи роман мектебінің негізін қалаушы.
1980 жылдары Морис Симашко қазақ жазушыларының жетістіктерін аударумен және насихаттаумен белсенді айналысты. Бұл саладағы басты жетістіктер Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлке» дилогиясының екінші бөлімі және Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы болды.
Сондай-ақ, жазушы эмиграцияда аяқталған «Четвертый Рим» өмірбаяндық кітабын жазды. Ол Қазақстанда 2013 жылы Мәдениет министрлігінің мақсатты бағдарламасы бойынша жарияланды.