Аталмыш акция Шахтинск қаласының Жасыл ел еріктілері арасында Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапханасының оқу залы кітапханашыларының бастамасымен Сыбайлас жемқорлық тақырыбында жүзеге асты. Протесттік акция кітапханадағы кітап көрмесін түсіндіруден бастау алып, әрмен қарай ерікті жастардан құралған жасөспірімдедің белсенді қатысуымен орын алды.
Кітапханада тыңдаушылар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру саясаты іске асырыла бермек. Кітапхана ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны құру, еңбек даулары мен жанжалдарын қарау институттарын дамыту, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлескен алдын алу шараларын өткізу бойынша мақсатты жұмыс жасайды.