Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Отан сенен басталады. Родина начнается с тебя» клубының кезекті отырысы «Желбіре Жеңіс жалауы» атты танымдық сағатына арналды.


    2019 жылдың 29 мамырында  Шахтинск Технологиялық колледжінің студенттеріне  Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Отан сенен басталады. Родина начнается с тебя» клубының кезекті отырысы «Желбіре Жеңіс жалауы» атты танымдық сағатына арналды.

     

     

    Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 2766 Ұлы Отан соғысының ардагерлері болса, оның 121-і Астана қаласында тұрады. Зұлмат соғыс жылдары опат болған 20 миллион жауынгерді 1 минуттық үнсіздікпен еске алып, танымдық сағат  жалғасын тапты. Сабақ барысында  патриоттық Отан тақырыбындағы әндер шырқалып,  жеңіске арнаған   өлеңдерінен үзінді оқыды.

     

     

     

     

     

     

    Жеңіс күніне орай «Ұмытылмас ерлік мәңгі жадымызда» атты кітап көрсетілімі жасақталды.

     

    Көрсетілімде жастарға Жеңіс жолында ерлік көрсеткен Қазақстандық батырлардың есімдерін ұмытпай, тағзым етуге тәрбиелейтін «Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары», Т.Көлбақовтың «Өшпес даңқ»(2013), «Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында», «Аңызға айналған есімдер»(1985), «Бір мың төрт жүз он сегіз күн»(1980), «Еділ-балтық арасында», «Бас штаб соғыс жылдарында»(1972), «Қаһарман Бауыржан Момышұлы»(2008) «Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында», орыс тілінде П.С.Беланның «Казахстанцы в битве на Волге», «Рядовые победы» т.б кітаптары оқуға ұсынылды.

     

    Көрсетілімнің мақсаты: Бүгінгі жастардың өз тарихын білуге, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыруда тарихи кітаптарды оқуға қызықтыру.

     

     

     

     

    Оқушылар назарына келесі бейнерөликтер ұсынылды: «Ұлы Отан соғысы басталды», «Атамекен» және т.б.

     

     

     

     

    Жалпы іс-шара қызықты әрі көңілді өтті. Кеште әртүрлі мағыналы бейнероликтер көрсетілді.

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida