27 наурызда 2019 ж. орталық кітапхананың оқу залында мен ШТК, СВ-918 студенттеріне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Іс – шара барасында қонақтарға дастархан жайылып, тәттілер ұсынылды. Мерекелік кештің шымылдығын Мырзакулова Гүлзат «Туған Жер» әнің шырқап, тыңдаушыларды тылсым сезімдерге бөлеп, құлақ құрышын қандырды.
Наурыз керемет мезгіл - көктем туралы жұмбақтар жасырылды студенттер қызықтап жауабын таба білді. Ал Аханова Меруерт «Наурыз» өленің айтып берді.
Және де ШТК студенттері «Флешмоб» билеп беріп, Наурыз мерекесімен құттықтап ізгі тілектерін білдірді. Студенттер мен оқушыларға Наурыз мейрамын көнеде ата-бабамыз дәстүр бойынша қалай атап өткендігі жайында көптеген мәлімет беріліп, Наурыздың қазіргі таңда қалай атап өтіліп жүргендігін естеріне түсірді. Мерекелік кеш жүргізушілердің құттықтау сөздерімен мәресіне жетіп, келген қонақтар бір-біріне ізгі тілектер тілеп тарасты. Мерекелік кеште барлық қатысушыларға сыйлықтар берілді.
Іс-шара барысында келесідей бейнероликтер қолданылды: «Начало», «Праздник Наурыз», «Наурыз коже», «Асык», «Ұлттық ойындар» , «Наурыз – Роза Рымбаева».