1 наурыз күні ШТК колледжінің СВ-917, 2 курс студенттеріне Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапханада «1 наурыз- Алғыс айту» мерекесіне орай «Болашақ бүгіннен басталады» атты іс- шара өтті.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкері Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Қазақ халқы қиын – қыстау заманда олардың басына түскен ауырпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналып отырғанын айтып өтті. Іс - шара барысында өлең оқылып, бейнерөликтер көрсетіліп, ойындар ойнатылды.
Оқушылар қойылған сұрақтарға белсене жауап беріп, іс-шараның қызықты өтуіне ат салысып отырды. Бейнероликпен көрсетілген «Ризамын» әнін оқушылар қосыла шырқап, досытыққа, сыйластыққа деген зор мақтаныштарын көрсете білді.