Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Кітап біздің досымыз».


    Ақпан айының 20 күні жоспар бойынша  қаламыздың  «Еркетай»  балабақшасында № 12 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен«Кітап біздің досымыз» атты тәрбиелік іс шара өтті. Бұл шараға балабақшаның  «Қарлығаш» және «Көгершін» топтары қатысты. Жалпы шараның мақсаты балаларды кітапты күтіп ұстауға шақыру,  ескірген кітапқа екінші өмір сыйлауға болатынын түсіндіру және кітаппен достастыру болатын.

    Жүргізушілер:

    - Кітаптың мұқабасын қаптау;

    - Тамақтанып отырып кітап оқымау;

    - Кітапты жыртпау және шимайлау т.б. сияқты кітап оқу ережелерін айтып кетті.

     

     

    Бейне ролик арқылы қағаздың шығу тарихын ұсынды. Шара қатысушылары шеңбер құрып  сұрақ-жауаптармен алмасты. Және де ескірген кітапты қоқысқа тастамай, екінші өмір сыйлау керектігі ескерілді.Ойын барысында балақайларға ескірген журнал,газет арқылы ойынға қажетті қол өнерлер (қайық, ұшақ, гүл, қуыршақ , қалпақ) істеу үйретілді.

    Шара барысында балақайлар аналарының жатар уақытта оқитын ертегілерімен бөлісіп, кітапқа деген қызығушылықтары артты.

    Балақайларды кітапханаға шақыру және кітапхананы жарнамалау мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылды және визиткалар таратылды.


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida