Қазақтың басына түскен сұрапыл зұлматтың зардабы мен салдары қандайлық болғандығын еске түсіріп, сол жылдардың құрбандары туралы ұрпағына білгізіп отыратын, танытатын, осы нәубет жайлы жазылған шығармаларды болашақ жас ұрпаққа насихаттау.Азалы тарихымызға бас ие отырып, құрбан болған аяулы азаматтар рухына тағызым етіп, тарихымызға жастардың бей-жай қарамауына тәрбиелеу.
2018 жылдың 25 мамыр күні сағат 12.30 да Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапхананың оқу залында «Репрессия құрбандары» атты ақпараттық- тарихи сағат болып өтті. Кітапхана қызметкері 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келетінін айтып өтті. Бұл күн Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. Сүргіннің шарықтау шегі 1937-38 жылдар - «халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қазақ халқын ұлт зиялыларынан айырған аяр жылдар болды. Сонымен қатар кітапхана қызметкері Қарлаг — Қазақстанның Қарағанды облысындағы ГУЛАГ-тың ең ірі еңбекпен-түзеу лагерлерінің бірі болғандығы және ол, 1931 жылдың 19 желтоқсанында ұйымдастырылып, орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка кентінде орналасқандығын айтып өтті. Шара барысында «Қазақ қасіреті», «Ашаршылық 1920-1930.Елім-ай» деректі фильмдері, «Ел тарихы тартқан тауқымет ұмытылмас қасіреті» слайды көрсетілді.
Кітапхана залында «Тарих пен тағдыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.