Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Сталинград шайқасы ешқашан ұмытылмайды» атты ақпараттық танымдық сағат өтті.


    Ақпанның 2-сі күні ел тарихында терең ізі қалған Сталинград шайқасының жеңіспен аяқталғанына 75 жыл толды.  Осыған орай 2 ақпан күні Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапхананың оқу залында «Сталинград шайқасы ешқашан ұмытылмайды» атты ақпараттық танымдық сағат өтті.

    Шахтинск технологиялық колледжінің 1 курс студенттері қатысқан шарада 1943 жылы 2 ақпанда Сталинград түбінде болған шайқастың нәтижесі екінші дүниежүзілік соғысты түбірінен өзгерткені сөз болды. Екінші дүниежүзілік соғыстың шежіресіне қанды әріппен  жазылған алапаттың қазақ еліне де  қатысы бар екені еске салынды. Осы шайқасқа қатысқан Н.Әбдіров, Қ.Спатаев А.И. Колобутин, Ғ.Б.Сафиуллин, А. Коммисаров, В.Е.Сорокин, С.А.Козак, М.Мамыраев, А.Ф. Петров, Д. Нұрсейітов, К. Исмагулов, Р. Бисенов, Е. Даутов А. Әлімбетов, С. Нұрмағамбетов және т.б. жауынгерлердің  табандылығы, ерлігі  мен қаһармандығы туралы мағлұматтар зор мақтанышпен айтылды.   Және қазіргі ұрпақтың аталарының жасаған ерлігін ұмытпауы маңызды екені ескертілді. Шара барысында Сталинград түбіндегі шайқас туралы бейнероликтер көрсетілді.

    Кеш соңында елі, жері үшін  жаумен кескілесіп өткен, жандарын пида еткен Ұлы Отан соғысының қаһармандары бір минут үнсіздікпен еске алынды.


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida