Әлемнің қай бұрышы болмасын жеке адам да, жалпы қоғам да өткенінен сабақ алып, дәстүріне арқа сүйеп, тарихымен мақтанады. Өз қаласының өлкетану тарих сабақтары бұрынғыларға емес, болашақ ұрпаққа керек. Осыған байланысты №2 кітапхана-филиалының қызметкері маусымның 8-ші жұлдызында жазғы кітапхана саябағында «Біз Шахтинсктің болашағымыз» атты іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында саябаққа жиналған жастар туған өлкеге қатысты көптеген мағлұмат алды. Сонымен қатар, жастар арасында «Туған өлкем» - шағын өлең шығару, мақал-мәтелдерді аяқтау және «Шахтинск – болашақ көзімен» атты қызықты сайыс түрлері өткізілді. Сайыстарға жастар белсене қатысып, көңілдерін көтерді.
Білімді де білікті жастар – еліміздің ертеңгі тірегі. Алдағы уақытта да кітапхана мен жасөспірімдер байланысы жалғасын таба бермек.