1 наурызда 2016 ж. Бұхар жырау атындағы қалалық орталық кітапханада «Алғыс айту парызым...» атты қайрымдылық тақырыбына арналған танымдық сағат өткізіледі. 1 наурыз-қайырымдылық күніне арналған іс-шараға қатысуға Шахтинск қаласы технологиялық колледжінің студенттері шақырылды.
Кездесу Қазақстан Республикасының әнұранымен басталады, кейін кітапханашылар бүгінгі мерекенің тарихымен таныстырады. Қайырымдылық күнін белгілеу Қазақстан халықтарының Ассамблеясында шешіліп, бұл күні барлық ұлыстар бір-біріне және қазаққа мейірімділік танытқан, сондай-ақ жақынындай сезінген Іс-шара кезінде оқушыларға Қазақстан тарихы мен оның аумағында тұратын халықтар туралы білімдерін тексеру тұрғысында викторина өткізіледі, олар осы тұрғыдағы өздерінің қаншалықты білетіндерін білу керек. Көрсетілетіндер: «Қазақстан халықтарының достастығы» видео ролигі, «Менің Қазақстаным» видеоклипі. Іс-шара кезінде мейірімділік пен қайырымдылық туралы видеороликтер көрсетіледі.
Бұхар жырау атындағы кітапхананың «Мой мир», «Одноклассники» әлеуметтік желілерінің беттерінде, осы мерекеге арналып жасалған ақпараттар таратылды.