Последнее обновление: 11 Мая 2024 14:37, Просмотров (1079163), Печать
Никколо Макиавеллидің ең танымал еңбегі «Әмірші» трактаты. Бұл еңбек 1515 жылы, Лоренцо Медичиді Италия қалаларын біріктіруге үндеу үшін жазылған. Шығармада сол дәуірдегі Италия аумағындағы принципалиттер мен қала-мемлекеттер әміршілерінің, Рим папаларының өмірінен көптеген дерек келтіреді. ""Әмірші"" 1559 жылы католик шіркеуі тыйым салған кітаптар тізіміне енгізілді, өйткені Макиавелли шіркеудің құрсауынан азат, зайырлы мемлекет туралы ілім түзген еді. Ол билік пен мемлекетті нығайту жолында зорлық-зомбылық, алдау мен сатқындық сияқты кез келген әрекет орынды деп санайды. Макиавелли бұл трактатында мемлекетті басқару ғана емес, билеушіге қажетті қасиеттер, оның кеңесшілерімен және қоғаммен байланысы, сондай-ақ қолбасшылық пен басқа елдерді жаулап алу тактикаларын ұсынады.