Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новинки книг

    Последнее обновление: 11 Мая 2024 14:37, Просмотров (1202425), Печать

    Этика - қазақ философиясының өзегі: дөңгелек үстелдің материалдар жинағы = Этика как ядро казахской философии: сборник материалов круглого стола . – Алматы, 2020. – 220 б. – (Рухани жаңғыру) .

    «Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруындағы қазақ философиясының рөлі мен маңызы» ғылыми жобасы ауқымында өткізілген дөңгелек үстелдің негізгі материалдары ұлт болмысындағы этикалық құндылықтардың маңызын айқындауға арналған. Жинақ гуманитарлық бағыттағы ғылым саласында қызмет ететін ғалымдар мен оқытушыларға, докторант, магистрант және студенттерге, сондай-ақ аталмыш мәселеге қызығушылық танытатын жалпы оқырман қауымға арналады.

     

     




    Ысқақұлы Д. Сөз - әлем әміршісі немесе рухани күш-қуаттың қайнар көзі / Д. Ысқақұлы. – Алматы: Sardar G, 2024. – 288 б.

    Кітапта Адам Ата жаралғалы бері адамзат қоғамын толғандырып келе жатқан «Адам не үшін --өмір сүреді; өмірдегі мақсаты не; қайткенде бақытты болады?» деген секілді сауалдар төңірегінде ой өрбітіп, оған қоғам дамуының, білім-ғылымның бүгінгі күн биігі тұрғысынан жауаптар іздей отырып, осы үдерісте сөздің шешуші рөл атқаратындығына басты назар аударады. Адамзат баласының ғасырлар бойғы рухани дамуы барысында тілі арқылы жинақтаған асыл қазынасына, ғылым жетістіктеріне, имандылық негіздеріне сүйене отырып, адамның қалыпты жолмен жетілуінің табиғи заңдылықтарындағы сөздің психологиялық, әлеуметтік, физиологиялық, физикалық секілді аса маңызды қызметтеріне жан-жақты тоқталады. Адамның өміріндегі, тағдырындағы негізгі қозғаушы күш ретіндегі ойдың, сөздің, істің жетекшілік қызметі күнделікті тіршіліктің тәжірибелеріне негізделе отырып, жан-жақты әңгімеленеді. Кітап сөз қадірін түсінетін, денінің сау болып, өмірдегі өз орнын табу үшін алдына үлкен мақсат қойып, аңсаған арманына жетіп, бақытты өмір сүргісі келетін қалың оқырманға арналған. 

     




    Шәріп А. Егеулі қалам: әдеби сын эсселер / А. Шәріп. – Алматы : Sardar G, 2024. – 368 б.

    Кітапта автордың әр жылдарда жазылған ғылыми-көпшілік тақырыптағы мақалалары мен эсселері топтастырылған. Оның «Ұлттық рух ұйытқысы» деп аталатын бірінші бөліміне қазақтың тарихына, тағдырына, тіліне, елдік пен ерлік дәстүрлеріне қатысты мақалалар енгізілсе, «Перзент. Парыз. Пайым» атты екінші бөлім көрнекті мемлекет, қоғам, әдебиет, өнер қайраткерлері, сондай-ақ замандастар бейнесі туралы жазбаларды қамтиды. Ал «Түркі тұғыры» атты үшінші бөлім туыстас түркі халықтарының ұлы тұлғалары мен өзара рухани байланыстарының төркінін саралайтын туындылардан құралған. Жинақ қазақ елінің бүгіні мен болашағын зерделейтін оқырман қауымға арналған.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               




    Хумарзах, А. Моңғолия қазақтарының сыбызғышылық өнері / А. Хумарзах, А. Байтан. – Алматы : ЖК "Тарпанбаева А.Ш.", 2024. – 176 б.

    Аталған кітапта Моңғолия қазақтарының сыбызғышылық өнері туралы қарастырылады. Соның ішінде Баян-Өлгий (Тұлба-Делүүн, Бұла Бұлғын өңірлері мен кеуде жақ қазақтары) сыбызғышыларының өмірі мен шығармашылғы туралы кеңінен баяндалады. Сонымен қатар Баян-Өлкедегі күй, музыка өнеріне қатысты материалдар топтастырылған. Кітап қалың көпшілікке, музыка тарихын зерттеушілерге арналған.

     




    Шарапатұлы Ш. Тынышпаев Мұхамеджан. Қазақ халқының тарихы / Ш. Шарапатұлы. – Караганда: TengriLTD, 2024. – 264 б.

    Жинаққа қазақ халқының қайраткер ұлы, қазақ тарихының, мәдениетінің, тұрмысының және қазақ рулары шежіресінің ірі білгірі, 1937 жылы репрессияға ұшыраған. Мұхамеджан Тынышпаевтың кейбір көсемсөздері, ғылыми еңбектері мен өлкетану зерттеулері кіріп отыр. Оның еңбектерінде көне дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі қазақ тарихы қамтылады.

     




    Страницы: 1 2 3 4 5

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida