Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новинки книг

    Последнее обновление: 11 Мая 2024 14:37, Просмотров (1202579), Печать

    Твен, М. Ханзада мен қайыршы: роман /М.Твен; ауд. Д.Имамбай.- Астана: Фолиант, 2023.- 292 б. – (Шытырман оқиғалар).

    «Ханзада мен қайыршы» — америкалық жазушы Марк Твеннің қаламынан туған алғашқы әрі танымал шығарма.

    Романдағы негізгі оқиға Англияда өрбиді. Шығармада XVI ғасырдағы халықтың тұрмыс-тіршілігі мен ақсүйектердің сарайдағы өмірі суреттеледі.

    Лондон шаһарында бір-бірінен аумайтын екі бала дүниеге келеді. Оның бірі Уэльс ханзадасы болса, екіншісі — кедей отбасынан шыққан Том Кенти.

    Том Кенти патша сарайында өмір сүруді аңсаса, ханзада еркіндікті қалайды. Сөйтіп, бір күні күтпеген жерден олардың тілегі орындалып, шиеленіске толы шытырман оқиғаларға тап болады.

    Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.




    Сьюэлл, А. Мақпалқара: роман / А. Сьюэлл ; ауд. Е. Сармурзин. – Астана : Фолиант, 2023. – 272 б. – (Шытырман оқиғалар) .

    Романның бас кейіпкері — Мақпалқара атты сүліктей қара, желдей жүйрік тұлпар. Англияның көз тоймас табиғатында алаңсыз, бақытты ғұмыр кешіп жатқан ол күндердің күнінде Лондонның тас төселген көшелеріне тап болады. Мұнда ол әртүрлі кездесулер мен сынақтарға кез болады. Оқиға осы жүрегі мейірімге толы қара тұлпардың атынан баяндалады. Роман мейірімділікке, жақын жандарға деген сүйіспеншілікке үйретеді.

     




    Кермани, Х.М. Бала Мәжиттің хикаялары / Х.М. Кермани ; ауд. Ә. Бөрібаева, Ә. Мұратова, М. Кадирханова; сурет. Қ. Талғатұлы. – Алматы : OtbasyBooks, 2022.

    Бұл кітапта Мәжит есімді ирандық баланың басынан кешкен оқиғалары баяндалады. Әжесінен басқа ешкімі жоқ бала Мәжит Иранның Керман қаласына жақын маңда туып, кейінірек әжесі екеуі қалаға көшіп келеді. Кітапқа сегіз әңгәме енді. Әр әңгімеде Мәжит қызықты да қиын бір жағдайға түсіп отырады. Бірақ бас кейіпкер қиыннан қиыстырып жол табуды да біледі. Кітап авторы ақ көңіл баланың аузымен тәлім-тәрбие, отбасылық құндылықтар мен өмірге деген құштарлық жайлы ойларын оқырманға шебер жеткізеді. 

    Кітап балаларға, жасөспірімдерге, студенттерге және балалар әдебиетіне қызығатын барлық оқырманға арналған.




    Крюс, Д. Тим Талер немесе Күлкісін сатқан бала: хикаят / Д. Крюс ; ауд. Г. Айшихова. – Астана : Фолиант, 2023. – 308 б. – (Шытырман оқиғалар) .

    Сіз шынайы әрі жарқын күлкіні естіп көрдіңіз бе? Ол мыңдаған күміс қоңырау дауысындай сыңғырлайды. Тим Талер есімді кішкентай бала дәл осылай күледі. Күлкі — оның бар байлығы. Бір күні ол бұлақ суындай сыңғырлаған керемет күлкісін жоғалтып алады. Тим күлкісінен ғана емес, еркіндігі мен бейқам балалық шағынан да айырылып қалған еді. Қанша уақыт өтсе де өзектілігін жоғалтпаған бұл философиялық хикаятты Джеймс Крюс 1962 жылы жазған. Шығарма балаларды «тегін» берілетін кей нәрселердің құндылығын түсінуге, алғыс айта білуге үйретеді.




    Гүнер, Ф. Кішкентай суретші/ Ф. Гүнер ; ауд. А. Сәуірбайқызы; сурет. Қ. Талғатұлы. – Алматы : OtbasyBooks, 2022. – 96 б. – (Отбасы хрестоматиясы)

    Кітапқа түрік жазушысы Фатыма Гүнердің «Кішкентай суретші» атты шығармасы енген. Шығармада Кәрім деген талантты суретшінің өмірі, арманы, білімге деген құштарлығы әдем і суреттеледі. Әрі кітап оқушы оқырманды сурет салу өнеріне қызықтыра түседі.

    Кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.




    Страницы: 1 2 3 4 5

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida