Последнее обновление: 16 Февраля 2024 12:58, Просмотров (3534), Печать
Шахтинск қаласының жаңа елтаңбасының авторы Суретшілер одағының мүшесі Баграмов Игорь Маратович.
Көгілдір түс- түрік халықтары үшін дәстүрлі. Елтаңбада ол барлық жер мен адамдар аспанының шексіздігін айқындайды, сондай-ақ амандық-саулықтың, тыныштықтың, бейбітшілік пен бірліктің белгісіне жатады. Елтаңбаның басында шаңырақ орналасқан, ол Қазақстан-өзінде тұратын барлық адамдардың ортақ үйі екендігінің нышаны. Уық шаңырақтың беріктігін (тірегі) сақтайтын тірек болса, бақыт та әрқайсысының амандығы. Шаңырақ аспанның күмбезге ұқсастығын ғана көрсетіп қоймайды, сондай-ақ адамдардың санасын көрсететін, өмірді қалыптастырудың бірден бір маңызды қарапайым жолы. Шаңырақ- бұл үйге қатысты ғана түсінік емес, оның астарында бар әлемге тән үлкен мән- мағына жатыр. Шаңырақтың ішкі жағындағы көлденең доға –күлдіреуіш, ол үш жүздің бірлігін көрсетеді.
Елтаңба ортасындағы сурет (бұрынғы елтаңбадағы геральдика элементі) – көмір қазатын комбайнның жұмыс істейтін бөлшегі. Оның ішінде көмір кесегі орналасқан.